00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астаналық оқушылар ауған соғысы ардагерлерімен кездесті

21.02.2024 | 11:01
57
Фото: дереккөз

Кездесуге ҚР Қорғаныс министрлігінің зейнеткері, Тәжік-ауған шекарасы әскери іс-қимылдарының ардагері Марат Турабаев, майор Арман Оспанов, ауған соғысының ардагері Нұралы Әубәкіров қатысты. 

Ауған соғысы ардагерлері өздерінің бастарынан өткерген қиын-қыстау күндерден, жауынгерлік жылдарынан естеліктер айтты. Әскердегі қызмет жайлы әңгіме айтып, оқушыларды Отанды сүюге, адал қызмет етуге шақырды.

Кездесу барысында белсенді оқушылар ауған соғысына қатысқан батыр жерлестерімізге сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Сонымен қатар балалар өз өнерлерін ортаға салып, ән мен жырдан шашу шашты.

Барлық жаңалықтар