00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада «Үздік бариста-2023» байқауы өтіп жатыр

01.11.2023 | 09:00
48

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Үздік бариста-2023» байқауы өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

«Үздік» жобасы аясында өтіп жатқан байқауға Discovery, Delish, Coffee BOOM, Master coffee, Way cup, Coffee original, Культура диктует сияқты кофеханалардың баристалары қатысуда.

Жастар ресурстық орталығының маманы Олжас Хамитовтың сөзінше, мұндай байқау бариста кәсібилігінің деңгейін арттыруға және олардың кофе негізінде авторлық сусындарын дәріптеуге серпін береді.

Үздік» жобасы осы жылы дәстүрлі түрде екінші рет өтіп жатыр. Оның аясында 10-ға жуық конкурс болады. Осы уақытқа дейін үздік ағаш шебері, тігінші, аспазшы, автокөлік жуушы байқаулары болды. Енді жыл соңына дейін үздік флорист, make-up артист, дәнекерлеуші, сантехник байқаулары болады.  Бүгінгі сайысқа 14-35 жас аралығында 16 қатысушы бақ сынап жатыр. Баристаларда өз қалауымен 4 рет кофе жасауға мүмкіндік бар.  Жеңімпазға  бағалы сыйлық қарастырылған. Сондай-ақ, түрлі номинациялар берілетін болады,- дейді Олжас Хамитов. 

WhatsApp Image 2023-11-01 at 12.41.53.jpeg

Байқау қатысушысы елордалық Зарина Базарбай бариста болу үшін ең алдымен ұқыпты болу қажет деп есептейді.

Менің негізгі мамандығым дизайнер архитектор. Бірақ 4 жыл бойы бариста болып жұмыс істеп келемін. Кофе жасауды қазір өзім жұмыс жасап жүген Discovery кофеханасында үйрендім. Бариста болу үшін біріншіден ұқыпты болу керек. Сондай-ақ әрбір тапсырысты үлкен жауапкершілікпен орындау керек деп ойлаймын,- дейді Зарина Базарбай. 

WhatsApp Image 2023-11-01 at 12.41.51.jpeg

Ал 2 жылдық тәжірибесі бар Шыңғысхан Мұхтарбектің сөзінше, кофені дәмді  жасау үшін дұрыс ниет болу керек. 

Осыдан 2 жыл бұрын кофе дайындауды үйрендім. Қазір студентпін, бірақ қосымша кофеханада бариста болып жұмыс істеп жүрмін. Бүгінгі байқауда өзімнің кофе дайындау әдісімді көрсеткім келеді. Кофені дәмді дайындау үшін ең алдымен дұрыс ниет болу керек,- дейді Шыңғысхан Мұхтарбек. 

Елордалық баристалардың басын қосқан жиын бүгін күні бойы өтеді. Ал байқау жеңімпазы жылдың соңында өзге үздік мамандармен бірге марапатталады. 

WhatsApp Image 2023-11-01 at 12.41.50.jpeg

Барлық жаңалықтар