00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанадағы Алаш тасжолы бойындағы көпірді жөндеу биыл аяқталады

26.02.2024 | 05:59
53
Фото: дереккөзден

Қала басшысымен кездесуге келген тұрғындардың бірі Алаш тасжолы бойындағы көпірдің мәселесін көтерді. Оның айтуынша, өткен жұма күні аталған орында 9 автокөлік соқтығысқан. 

Қала басшысы мұнда жұмыс тиісті жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын айтты. 

Бұл көпірде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мердігер компания апта сайын есеп береді, жағдай бақылауда. Жөндеу жұмыстары былтыр басталған кезде бірден ескерткен болатынбыз, биыл тамыз айының соңында жөндеу жұмыстары аяқталуы керек. Құрылыс компаниясының қаражаты жеткілікті. Жұмыс тоқтаған жоқ, - деді Жеңіс Қасымбек. 

Барлық жаңалықтар