00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада Мұсылман ақсақалдар кеңесінің өкілдігі ашылды

12.10.2023 | 07:30
62
Фото: senate.parlam.kz

Елордадағы Мұсылман ақсақалдар кеңесі өкілдігінің ашылу рәсімі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының ХХІ отырысы аясында өткізілді, деп хабарлады Elorda.info, Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Іс-шараға  Парламент Сенатының Төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаев пен Съезд делегаттары қатысты     

Салтанатты рәсімде Сенат төрағасы Ұйымның Орталық Азиядағы өкілдігін ашу туралы ұсынысты Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезінде Әл-Азһардың Жоғарғы имамы, шейх Ахмед әт-Тайеб жасағанын айтты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастамаға қолдау білдірді.

Мұсылман ақсақалдар кеңесі барлық діндердің ынтымағын нығайтуды көздейді. Осындай беделді ұйымның аймақтағы өкілдігінің Қазақстанда ашылуы біз үшін үлкен мәртебе. Кеңес дәріптейтін толеранттылық, бейбіт қатар өмір сүру, өзара қамқор болу сияқты құндылықтар Қазақстан үшін де маңызды басымдыққа ие. Алдағы уақытта Съезд Хатшылығы конфессияаралық және өркениетаралық диалогты халықаралық деңгейде дамыту бағытында Кеңеспен бірге белсенді жұмыс істейді, – деді Мәулен Әшімбаев  

Айта кетейік, Мұсылман ақсақалдар кеңесі – бейбітшілік пен жаһандық дінаралық диалогты нығайту мақсатымен құрылған тәуелсіз халықаралық ұйым. Кеңестің филиалдары бұған дейін Швейцария, Мысыр және Марокко елдерінде ашылған.

Барлық жаңалықтар