00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада есірткіге қарсы акция өтті

26.04.2023 | 17:40
24
Фото: Василий Крась

Елордада студенттер мен жастар көп шоғырланған жерлерде есірткі сату туралы мәліметтері бар қабырғаларды бояу рейдттері өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО»  нашақорлыққа қарсы «ESIRTKIGE JOL JOQ» жобасы аясында ұйымдастырып отыр.

26-1.jpg

Бүгінгі таңда қалада синтетикалық есірткі заттарын сататын сайттардың әртүрлі суреттері қалдырылып жатыр. Жыл басынан аталған факт бойынша 1 қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ  елордада 57-ге жуық есірткі заттарын сататын анықталды. Кейін  олар жоюға жолданды, - деді Астана қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Әлия Қибатқызы.

26-5.jpg

Іс–шараның негізгі мақсаты - диспансерлік есепте тұрған есірткіге тәуелді адамдардың санын азайту, оның ішінде 14 жастан 35 жасқа дейінгі жастардың үлесін азайту және алдын алу шаралары.

Қалада халық көп жүретін орындарда полиция департаментінің өкілдерімен полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, «Сарыарқа» ауданы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің Ювеналдық полиция бөлімшесі және «Alians KGN Qazaqstana» ҚҚ бірлесе отырып, студенттер мен қала жастары көп шоғырланған жерлерде есірткі сату туралы мәліметтері бар қабырғаларды бояу рейдтары өтті, - деді  «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының қызметкері Олжас Хамитов.

26-2.jpg

Сондай-ақ іс-шараға «Астана жастары» ЖРО» еріктілері қатысты.

Мен биылдан бастап волонтерлікпен айналысып жатырмын. Бұл іс өзіме ұнайды. Қазіргі кезде 10-сыныпта оқимын Сабақтан тыс уақытта осындай іс-шаралармен шұғылданамын. Волонтерлік жаңа орта мен жаңа достар табуға көмектеседі, - деді волонтер Үміт Жұмадуллаева.

Барлық жаңалықтар