00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада ер адам қалалық ауруханадан электр кабелін ұрлап кетті

12.12.2023 | 13:30
38
Фото: дереккөзден

Астанада ер адам қалалық ауруханадан электр кабелін ұрлап кетті, – деп хабарлады Elorda.info қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Кабельді көліктің жүксалғышына тиеген күдікті ер адамды аурухана күзетшісі байқаған. Ұрлық түнгі уақытта  болғандықтан, қызметкер полицияға хабарлағанда күдіктінің көлігінің түсін ғана байқағанын айтқан. Бейнебақылау камераларын қарау барысында Алматы ауданының полиция қызметкерлері күзетшінің айтқан сипаттамасы бойынша автокөліктің ұқсастығын анықтаған. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 29 жастағы жергілікті тұрғынды анықтаған. 

Ер адам аурухана аумағында электриктер қалдырған кабельді байқап, Ыңғайлы жағдайды пайдаланып, 80 метр кабельді шығарып кеткен. 

Күдікті өз әрекеттерімен 900 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Ұрланған кабельді полиция қызметкерлері тәркіледі, қазіргі уақытта ер адам кінәсін мойындады. Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - деді ПД баспасөз қызметі. 

Ұсталған адамның қала аумағында осындай қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. 

Барлық жаңалықтар