00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада белсенді аналарға құрмет көрсетілді

07.03.2024 | 03:47
65
Фото: дереккөз

70-80 жастағы әжелер қоғамдық жұмысқа белсене араласып, ардагерлердің бастауыш ұйымдарына жетекшілік етуде.

Абзал аналарды қошеметпен қарсы алған Алматы ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Мұстафин бастаған ұйымдастырушы ерлер тобы Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы» әнін шырқап, гүл шоқтарын табыстап, аналарға құрмет көрсетті.

Кеште «Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының әртістері өнер көрсетті.

Тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен, сіздермен ажарлы. Сіздер – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының діңгегісіздер. Ал бүгінгі таңда белсенділік танытып, ардагерлер арасында ауқымды қоғам жұмысын атқарып жүрсіздер. Бүгінгі кеш сіздерге деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет деп біліңіздер. Сіздерге зор денсаулық, әрі сұлулық, нәрлі күш-қуат тілейміз! Көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын. Әр күн сіздерге көктемгі сезімнің жылуын, қуанышын, бақыты мен махаббатын сыйласын, - деді Марат Мұстафин.

Әжелер де кеш барысында өлең оқып, ән-шырқап, тілектерін айтып, ризашылығын білдірді. Кеш соңында сөз алған Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ардагерлер ұжымының төрайымы Күлзира Ыдырысқызы ұйымдастырушыларға ризашылығын жеткізді.

Біз егде жаста болсақ та отбасының күнделікті шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмысты қоса атқарып жүрміз. Біздің аздаған еңбегімізді бағалап, Халықаралық әйелдер күніне орай осындай іс-шара өткізіп, бізге көрсетіп жатқан құрметтеріңізге осы жердегі апалардың атынан ризашылығымды білдіремін, - деді ол.

Барлық жаңалықтар