00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада ашық люктердің мәселесі қалай шешіледі?

05.06.2023 | 15:30
39
фото: Оңалхан Өнерхан

Елордада ашық кәріз құдықтарының мәселесін шешуге бағытталған «Қауіпсіз люк» жобасы әзірленді, деп хабарлады Elorda.info.

«Қауіпсіз люк» әлеуметтік жобасы ашық қалған құдықтардың салдарынан туындайтын оқыс оқиғаны азайтады. Арнайы жасалған қақпақтың ішінде ұзындығы 14-15 сантиметр болатын екі темір кедергі қойылған.

Бұл жоба бір жылға жуық дайындалды. Жалпы идеяны елорда тұрғындары Артур Баймаханов пен Ернар Бегалиев ұсынды. Жобаның басты мақсаты - адамдардың қауіпсіздігі. Шындығында, қазір кәріз жүйесі қақпақтарын ұрлау жағдайлары өте көп, әсіресе, оған балалар құлап кетеді. Құлау салдарынан олар жарақат алады. Бізде мұндай оқиғалар көп. Егер люк ашық қалса, бұл құлаудың алдын алады. Көліктер де жүре алады. Қазіргі уақытта «Абылай хан-2» тұрғын үй кешенінің ауласында тек бір данасы ғана қойылды. Әрі қарай біз басқа жерлерде орнату немесе ауыстыру жұмыстарын жүргізуге рұқсат күтіп отырмыз, - дейді «Aziyastroy Kz» ЖШС-нің құрылтайшысы Ғалым Сағатбекұлы.

Барлық жаңалықтар