00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада «АруАна» әйелдердің үздік жобалары конкурсы өтеді

03.02.2024 | 02:31
67

Конкурсқа Қазақстан аумағында әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыратын әйелдер мен әйелдер қоғамдық бірлестіктері қатысады.

Конкурстық іріктеу аясында өңірлерде масштабтаудың жоғары әлеуеті бар үздік әлеуметтік жобалар айқындалады. Конкурстық комиссия 2024 жылғы 5-20 ақпан аралығында өтінімдерді қабылдап,  жобаларды іріктейді.

2024 жылғы 22 ақпанға дейін іріктелген жеңімпаз жобаны Ұлттық комиссияға жолдау керек. Байқау өңірлік деңгейде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім арнайы нысан бойынша қағаз немесе электрондық нұсқада растайтын құжаттармен, фото және бейнематериалдармен қоса комиссияға беріледі. Комиссияға ұсынылған өтінімдер, құжаттар, фото және бейнематериалдар қайтарылмайды.

Конкурстық комиссия мынадай өлшемшарттарды ескере отырып, отырысқа қатысатын барлық мүшелерінің көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдайды:

• жобаның өзектілігі (1-ден 5 баллға дейін);

• жобаның әлеуметтік маңыздылығы (1-ден 5 баллға дейін);

• жобаның қол жеткізілген нәтижелері (1-ден 5 баллға дейін);

• жобаны қамту (1-ден 5 баллға дейін).

Іріктеу қорытындысы бойынша бір жеңімпаз жоба Ұлттық комиссияға жіберіледі.

Конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өтеді.  Өтінімді 2024 жылғы 20 ақпаннан кешіктірмей қағаз немесе электрондық түрінде k.sarkenova@astana.kz мекенжайына ұсыну қажет.

Барлық жаңалықтар