00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада «Қамқор» орталығы мұқтаж жандарға көмек көрсетеді

03.10.2023 | 10:30
61
Фото: дереккөз

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Мәлік брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 10 ведомстволық бағынысты мекеменің қызметін үйлестіреді, оның ішінде 1 мекемеде 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар. 1, 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетеді.

«Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ 2005 жылы Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 2 ақпандағы №3-1-61п қаулысы негізінде құрылды, он сегіз жастан асқан, психоневрологиялық аурулардан зардап шегетін, күтімге, тұрмыстық жағдайларға және медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж адамдардың тәулік бойы тұрақты тұруына арналған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады. 

Бүгінгі таңда орталықта психоневрологиялық аурулары бар. 370 мүгедектігі бар адам, оның ішінде 233 ер адам және 137 әйел. Мекемеде 1-ші топтағы 76 және 2-ші топтағы 294 мүгедектігі бар адам тұрады.

Орталық қызметкерлерінің арқасында 2019-2023 жылдары 9 қызмет алушы отбасында тұрақты тұру үшін туыстарымен және жақындарымен қайта қауышты, - деді Е.Мәлік.

Қызмет алушылар «Special Olympics» бағдарламасы бойынша барлық мүмкін болатын республикалық және халықаралық спорттық ойындарға қатысады. 2019 жылдың 1-23 наурыз аралығында «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» төрт қызмет алушысы Абу-Дабиде өткен Дүниежүзілік жазғы арнайы Олимпиада ойындарына қатысып, үздік бестікке кірді. 

Айта кетейік, осы жылдың 17-25 маусым аралығында Берлин қаласында роликтен жүгіру спорты және көркем гимнастикадан дүниежүзілік жазғы Олимпиада ойындары бойынша роликпен жүгіруден 1 алтын, 3 қола медаль, көркем гимнастикадан 1 алтын медаль, 2 күміс медаль жеңіп алды.

Барлық жаңалықтар