00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада аламан бәйге өтеді

24.08.2023 | 03:00
58
фото: ашық дереккөз

Астана әкімдігінің қолдауымен Конституция күніне орай бәйгеден республикалық турнир өтеді, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Желмен жарысқан жүйріктер жарысы «Қазанат» ипподромында өтеді. Жарыс қалалық ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлерінің федерациясы ұйымдастыруымен өтеді. 

Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 100-ге жуық шабандоз жиналады. Жарыс бағдарламасында 11 шақырымдық «ұшқыр», 18 шақырымдық «топ» және 25 шақырымдық «аламан» бәйге бар.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды.

Көрермендер үшін кіру тегін.

Барлық жаңалықтар