00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада 50-ге жуық волонтерлік ұйымдар мен қозғалыстар жұмыс істейді

31.10.2023 | 10:30
57
Фото: дереккөз

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров пен «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ атқарушы директоры Татьяна Миронюк брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада 50-ге жуық волонтерлік ұйымдар мен қозғалыстар белсенді жұмыс істейді. Олардың арасында әлеуметтік осал отбасыларға қолдау көрсететін «Клуб добряков Астаны» сияқты көшбасшылармен тиімді жұмыс жолға қойылды, «Волонтеры Астаны LIDER.KZ» жоғалған адамдарды іздеу үшін құқық қорғау органдарымен ынтымақтасып жұмыс істеп жүр. Сонымен қатар  «Біз таза ел үшін» қозғалысы экологиялық мәдениетті насихаттайды.

«Астана жастары» ЖРО базасында төртінші жыл Волонтерлер жылы шеңберінде және 2021-2023 жж. волонтерлікті дамытудың Жол картасын орындау шеңберінде волонтерлік ұйымдар мен қозғалыстарды шоғырландыруды ұйымдастыру, ақпараттық және ресурстық көмек көрсету, қалада іс-шараларды есепке алуды жүргізу, күш-жігерді біріктіру, дербес қозғалыстар санын ұлғайту үшін қалалық волонтерлер штабы жұмыс істейді. Тұрақты негізде 30 волонтерлік ұйыммен және 20 бастамашыл топпен, 4 ҮЕҰ-мен мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласында, кәсіпорындар мен қала меценаттарымен ынтымақтастық және бірлескен қызмет жүргізіледі. Штабта 5 000-нан астам белсенді волонтерлер бар, - дейді Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қ.Қамбаров.

Бүгінгі таңда волонтерлік ұйымдарымен бірлесіп «BizBirgemiz», «Қауіпсіз қала», «Қамқорлық мекенжайлары», «Ардагерлерді ардақтайық», «Taza Alem» және т.б. жобалар аясында 1 000-нан астам акция өткізілді. 4 000 азық-түлік себеті, 3 000 ыстық тамақты тасымалдау, киім мен жиһаз тарату, оқыту, адамдарды іздеу және тағы басқалар түрінде көмек көрсетілді. Қыс мезгілінде қала кәсіпорындарымен бірлесіп 50 мекенжайда қар тазалау жұмыстары жүргізілді. Биыл волонтерлер «Қауіпсіз қала» жобасы шеңберінде тұрақты негізде волонтерлер халық санағы, газдандыру туралы халықты хабардар ету, жылыту маусымы мен көктемгі су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік шаралары, шомылу маусымындағы тәртіп ережелері, тыйым салынған заттарды сату туралы жарнаманы бояу мәселелері бойынша халықты түсіндіру жұмыстарына тартылды. 

2020-2022 жылдары волонтерлер ұйымдары волонтерлерға арналған жабдықтар алды. Кейбір ұйымдар өз қызметін ілгерілету үшін үй-жайлар алды. «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ үшін халықаралық волонтерлік орталығын ашу үшін үй-жай бөлінді.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Birgemiz: áreket ýaqyty» волонтерлік саласындағы іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ 17 облыста және республикалық маңызы бар 3 қалада волонтерлік қызметті қолдау мақсатында іс-шаралар мен кездесулер өткізді, - дейді «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ атқарушы директоры  Татьяна Миронюк.

Бастаманы сапалы іске асыру үшін Мәдениет және ақпарат министрлігінің, үкіметтік емес ұйымдардың және волонтерлікті дамыту саласындағы қызметті жүзеге асыратын халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінің қатысуы көзделген. 

Барлық жаңалықтар