00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Astana Piano Passion байқауының бас жүлде иегері елордада концерт береді

19.06.2023 | 18:00
33
Фото: «Астана Опера» театрынан

«Астана Операда» 25 маусымда Astana Piano Passion байқауының бас жүлде иегері, 
дарынды жас пианист Жұлдыз Ержеңістің жеке концерті өтеді, деп хабарлады Elorda.info

Жұлдыз Ержеңіс былтыр Мәдениет және спорт министрлігі өткізген Astana Piano Passion республикалық жас пианистер байқауында бас жүлдені иеленген болатын, ал жеке концертпен өнер көрсету құқығын Ж.Ержеңіс марапат ретінде «Астана Операдан» алды. 

Беделді елордалық сахнада өнер көрсетуге мүмкіндік берілгеніне өте ризамын, өйткені әртістің шығармашылық тұрғыда қалыптасуы үшін жеке концерт – дағдылану мен дамудың маңызды кезеңі. Бұл сенің жұмысыңның өзіндік бір нәтижесі, жаныңның айнасы іспетті. Дайындық барысында мен нюанстармен көп жұмыс істеймін. Менің орындауым мен интерпретацияларым тыңдармандардың жүрегіне жеткенін, олардың әрбіреуі музыканың бүкіл әсемдігі мен тереңдігін сезінгенін қалаймын, – деді Жұлдыз Ержеңіс.

Айта кету керек, жас пианистің асқақ өнерге деген махаббаты бала кезде оянған. Ол 10 
жасында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Қазақстан 
Республикасы Мемлекеттік симфониялық оркестрімен бірге Й.Гайднның фортепианоға 
арналған концертін орындады. Оның дарыны мен қабілеті ұстаздарын ғана емес, көптеген 
музыка сыншыларын да таңғалдырды. 

Барлық жаңалықтар