00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Astana O-Fest 2023: Спорттық бағдарлаудан Қазақстан чемпионаты басталды

22.06.2023 | 15:04
51
Фото: автордан

Бүгін Астана қаласында спорттық бағдарлаудан кезекті ел чемпионаты жалауын желбіретті, деп хабарлады Elorda.info.

Триатлон саябағында басталған іс-шараның ашылу салтанатына №2 балалар мен жасөспірімдердің мамандырылған спорт мектебінің директоры Бауыржан Сахарбаев, Республикалық спорттық бағдарлау бойынша федерация президенті Рашит Хасанов, Спорттық бағдарлау бойынша Астана қаласының басшысы Ернұр Баяхметов қатысты.

Бүгінгі ел чемпионатына 10 облыстан келген 200-ден астам қатысушыға өз алғысымды білдіремін. Спорттық бағдарлау арқылы Астанамыздың керемет жерінің бірі – Триатлон саябағының әсем көрінісін тамашалай аласыздар. Белсенді өмірді насихаттайтын спорт түрі арқылы әрқайсыңыз керемет әсер алып, жаңа достар табатыныңызға сенімдімін. Барлығыңызға сәттілік! - деген №2 балалар мен жасөспірімдердің мамандырылған спорт мектебінің директоры Бауыржан Сахарбаев қатысушыларға өзінің тілегін айтты.

мвм.jpg

Жарысқа Ақмола облысы, Алматы қаласы, Алматы облысы, Астана қаласы, Қарағанды облысы, Павлодар облысы, СҚО, ШҚО-дан спортшылар қатысып, 4 жаттығу бойынша жеңімпаздарды анықтайды.

Жарыс 25 маусымға дейін жалғасады.

Айта кетейік, спорттық бағдарлау сайысы Олимпиадалық спорт түріне кіреді. Алғаш және соңғы рет бұл спорт 2011 жылы елімізде өткен Азиадаға кіргізіліп, шаңғы бағдарлауда ерлер 4 алтын, әйелдер 4 алтын жүлдені алған болатын.

Барлық жаңалықтар