00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астана маңындағы жолдарда көлік қозғалысы шектелуі мүмкін

13.03.2024 | 04:16
73
Фото: дереккөз

Іс-шара гарнизон әскери бөлімшелері күштері мен құралдарының жауынгерлік әзірлігін кешенді тексерудің кезекті кезеңіне бағытталған. Аталған уақыт аралығында елорданың маңында, сондай-ақ Қарағанды тасжолдарында әскери техника легі өтіп бара жатқан кезде жолдарда көлік құралдары қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.

Осыған байланысты азаматтардан өтіп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды және тыныштықты сақтауды сұраймыз. Сонымен қатар әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдар таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз, - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Барлық жаңалықтар