00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Астана дарыны» орталығы оқушылар арасындағы байқауға қолдау көрсетеді

27.09.2023 | 05:46
96
Фото: дереккөз

Елорданың 25 жылдығына орай өткізілетін «Ел жүрегі - Елорда»: Астана қаласының оқушылары арасындағы шығармалар байқауына «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының оқушылары да қатысады, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Астана қаласы коммуникациялар қызметінде өткен арнайы брифингте аталған орталықтың директоры Жанар Бейсенбаева айтты. Спикер өз сөзінде  «Elorda aqparat» медиа холдинг ұйымдастырған байқауға жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті.

Біздің орталық 2006 жылдан бастап жұмыс істейді. Оқушылар арасында осындай конкурстар, олипиадалар жиі өткізіліп тұрады. Мәселен, бір жылда 230-дан астам іс-шара өтіп, оған 32 мыңдай бала қатысты.  Медиа холдинг ұйымдастырып отырған шығармалар байқауына да оқушыларымыз өз дәрежесінде дайындалып, жүлделі орындарға ие болуға тырысатын болады, - деді Жанар Бейсенбаева.

Орталық директоры «Ел жүрегі - Елорда»: Астана қаласының оқушылары арасындағы шығармалар байқауына» қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Барлық жаңалықтар