00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

1 шілдеге дейін әскерге 18 мыңнан астам адам шақыртылады

15.05.2023 | 12:00
54
Фото: gov.kz

Қарулы Күштерге – 7 785 адам, Ұлттық ұланға – 6 823 адам, ҰҚК Шекара қызметіне – 3 400 адам, Төтенше жағдайлар министрлігіне – 306 адам, мемлекеттік күзет қызметіне – 88 адам, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Астана қаласы коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында белгілі болды.  

Баспасөз мәслихатына Астана қаласы Қорғаныс істері департаментінің өкілі, запастағы полковник Ғани Артықов пен Ұлттық ұланның Жасақтау және әскерге шақыру бөлімінің бастығы, полковник Фархат Айдарбаев қатысты.     

Биыл 1 наурыздан бастап жергілікті атқарушы органдардың 195 әскерге шақыру пунктінде қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары өз жұмысын бастады, оған әкімдердің орынбасарлары басшылық етеді. 2023 жылғы 1 шілдеге дейін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негіздері жоқ, 18 бен 27 жас аралығындағы он сегіз мыңнан астам ер азамат толықтырады, - деді спикер. 

Сондай-ақ соның ішінде Қарулы Күштерге – 7 785 адам, ұлттық ұланға – 6 823 адам, ҰҚК Шекара қызметіне – 3 400 адам, төтенше жағдайлар министрлігіне – 306 адам, мемлекеттік күзет қызметіне – 88 адам барады. 

Мерзімді қызметке әскерге шақыру және оның белгіленген мерзімін өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару қолданыстағы заңға сәйкес ұйымдастырылып, жүргізіліп жатыр. 

Әскерге шақырылуға тиісті ер азамттарды хабардар ету дербес шақырту қағазын жолдау арқылы жүзеге асырылады. Шақырту қағазы олардың тұрғылықты мекенжайына немесе жұмыс орындарына жеткізілетін болады. Бұл ретте осы процесті автоматтандыру мақсатында 2021 жылдан бастап  әскерге шақырылушыларды SMS-хабарлама жолдау арқылы да хабардар ету жүргізілуде.

Азаматтарды мерзімді қызметке әскерге шақыруды жүргізу кезінде жұмысты барынша ашық форматта жүргізуді жалғастырады. Яғни, әрбір адам қажетті ақпаратты алу үшін жүгіне алады және сұрақтарына толық жауап беріледі, - деді спикер. 

Барлық жаңалықтар