00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елорда әкімі коммуналдық қызметкерлерге алғыс айтты

13.02.2023 | 18:43
Елорда ақпарат
34
Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында коммуналдық қызметкерлерге алғыс айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Биылғы қыс қарлы әрі боранды болды. Коммуналдық қызметкерлердің атқарған еңбегі үшін алғысымды білдіремін! Сіздер ауа райының қолайсыздығына қарамастан күндіз-түні аянбай еңбек еттіңіздер. Қала сыртында тұратын жұмысшылар боранды күні үйіне бармай, жұмыста қалып, келесі ауысымына шығуға мәжбүр болған кездер аз болмады. Сіздердің жұмыстарыңызды жоғары бағалаймыз. Қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс істеп жатырмыз. Коммуналдық қызмет паркін жаңарттық. Ол қақаған қыста бізге айтарлықтай көмек көрсетті. Арнайы техниканы жаңарту жұмысын жалғастырамыз», - деді А.Көлгінов. Қала әкімі жыл басынан бері қызметкерлердің жалақысы өсіп, сыйақылар берілгендігін атап өтті. «Сіздің еңбегіңіздің нәтижесінде биыл қыста 6,5 млн текше метрден астам қар шығарылды. Су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді. Қалада су басу қаупі жойылды, енді су қоймасындағы жағдайды тұрақтандыру қалды. Қазір сіздер карантин режимінде жұмыс атқарып, қаланы тазалықта ұстап отырсыздар. Абаттандыруға кірістіңіздер. Ерен еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын! Сізге және сіздің отбасыңызға денсаулық тілеймін. Карантин кезіндегі атқарылған жұмыс үшін қосымша жалақы беріледі», - деді әкім.
Барлық жаңалықтар