00:00
Астана -10oC
USD:
451.38
EUR:
487.22
RUB:
5.14
Іздеу

Елордалық оқушылар республикалық олимпиадада 50 жүлделі орынға ие болды

01.04.2023 | 00:49
Елорда ақпарат
40

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласынан жаратылыстану-математика бағыты бойынша (9-11 (12) сыныптар) 70 оқушы бақ сынады.

Елордалық жас зияткерлер олимпиададағы үздік жетістіктерімен қуантуда. Жас олимпиадашылар ​ 50 жүлделі орынға ие болып, жоғары білім деңгейлерін кезекті рет дәлелдеді. Сонымен Астана қаласының қоржынында 7 алтын, 18 күміс және 25 қола медаль бар.

Елордалық оқушылар олимпиададағы көрсеткіштері жыл сайын артып келеді. Биылғы жылы талантты оқушылардың олимпиадада қол жеткізген жүлделерінің көрсеткіші 72% құрады. Ал өткен 2021-2022 оқу жылында бұл көрсеткіш 50% болатын.

Олимпиаданың соңғы кезеңіндегі елордалық оқушылардың жетістігі — олардың тынымсыз дайындығы және сол жолда жан-жақты дайындап, білім нәрімен сусындатқан жетекшілерінің жемісі. Оқушылардың өз қарым-қабілетімен қоса, талантын танып, дарынын ұштай білген ұстаздардың да еңбегі ерен.

Педагогтердің жоғары кәсібилігі мен шығармашылық еңбегінің арқасында елордалық оқушылар жыл сайын түрлі деңгейдегі зияткерлік олимпиадаларда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.

Барлық жаңалықтар