00:00
Астана -10oC
USD:
452.92
EUR:
484.99
RUB:
5.12
Іздеу

Астаналық полицейлер көршісінің пәтерін тонаған жасөспірімді ұстады

13.06.2024 | 16:50
Торғын Аман
69
Астаналық полицейлер көршісінің пәтерін тонаған жасөспірімді ұстады
Фото: ашық дереккөз

Астана қаласы Нұра аудандық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері пәтерден ақша мен алтын бұйымдар ұрланған 14 жастағы мектеп оқушысын анықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Қала тұрғыны ақша мен әшекейлері ұрланғанына байланысты полицияға арызданған. Оның айтуынша, біраз уақыт бұрын пәтерінің кілтін жоғалтып алған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікпен 14 жастағы жасөспірімді анықталды.

«Кәмелетке толмаған бала жоғалған кілтті ауладан тауып алған және бірнеше күн бұрын көршісінің кілтті іздеп жүргенін байқап қалған. Жасөспірім қолайлы сәтті күтіп,  көршісінің үйінен гауһар тасы бар алтын алқаны, гауһар тасы бар екі алтын жүзікті, алтын сырғаны және қолма-қол ақшаны ұрлап кеткен. Қолды қылған зергерлік бұйымдарды танысы арқылы ломбардқа өткізген. Жәбірленушіге келтірілген шығын 1,5 млн теңгені құрады», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған бала заңды өкіліне тапсырылып, профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Барлық жаңалықтар