00:00
Астана -10oC
USD:
472.62
EUR:
513.22
RUB:
5.43
Іздеу

Астанада автобустарға жолақы төлемеген жолаушыларды анықтайтын бейнекамералар орнатылды

13.06.2024 | 14:04
Торғын Аман
145
Астанада автобустарға жолақы төлемеген жолаушыларды анықтайтын бейнекамералар орнатылды
Фото: Бақтыгүл Бурбаева

«City Transportation Systems» ЖШС «Астана қаласының қоғамдық көлігіндегі бейнеаналитика жүйесі» инновациялық жобасын енгізеді, деп хабарлады Elorda.info.

«2 мамырдан бастап № 24 бағдардың бір автобусында нақты уақыт режимінде деректерді талдауға мүмкіндік беретін камералар, роутерлер мен борттық компьютер орнатылды. Әр есікке қарама-қарсы орналасқан камералар кірген жолаушыларды есептейді және төлем деректерін салыстырады. Бұл бағдардағы жол ақысы ең көп төленбейтін уақыт пен учаскелерді дәл анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ақпарат жедел түрде CTS-тің көліктік бақылау департаментіне жолданады», - делінген «City Transportation Systems» ЖШС хабарламасында.

Жаңа бейнебақылау іске қосылған күннен бастап жүйе бір автобуста 2 мыңнан астам адамның билетсіз жүргенін анықтады. Пилоттық жоба болғандықтан жолаушыларға айыппұл салынбаған. 

 

 

Барлық жаңалықтар