00:00
Астана -10oC
USD:
452.92
EUR:
484.99
RUB:
5.12
Іздеу

Елордалық оқушылар «Балалық шақ ағашы» акциясына қатысты

Елордалық оқушылар «Балалық шақ ағашы» акциясына қатысты
Фото: дереккөз

Астанада «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында мектеп оқушылары арасында іс-шара өтті, деп хабарлады Elorda.info.

 Астана қаласының Білім басқармасы ұйымдастырған акцияға елордалық мектеп оқушылары қатысты. Олар ұсынылған еркін тақырып бойынша қолөнер немесе аппликация арқылы ағаштың суретін салып, жұмыстарын таныстырды.

Акцияға елорданың барлық мектептерінде ұйымдастырылған мектепішілік жазғы лагерьге қатысып жатқан балалар тартылды. Әсіресе 1-2 сынып оқушыларының белсенділігі жоғары болды. Тақырыпты ашуда балаларға еркіндік бердік. Олардың бірқатары ағаш отырғызып, бізге фото-видеоларын жіберсе, кейбіреулері түрлі-түсті қағаздардан, пластиктерден, ермексаздан тал-терек жасап, өз идеяларына қанат бітірді.

Қатысқан оқушылардың жұмыстарын қарап, саралап шықтық. Соның ішінде, атап айтатын болсақ, №96 мектеп-гимназиясы оқушыларының жұмыстары көпшілікті тәнті етті.

Іс-шараға, негізінен, 1-2 сынып оқушылары қатысқандықтан, олардың барлығын басқарма атынан сертификатпен марапаттадық. Ал ең жақсы жұмыстар әр мектептің өз көрмесіне қойылатын болады, - деді Астана қаласы әкімдігінің Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы директорының міндетін атқарушы Асылан Кенжеғалиев.

Іс-шараның ерекшелігі – төменгі сынып оқушыларының үлкендермен бірлесіп мектеп немесе өз үйлерінің аулаларына ағаш отырғызуы болды. 

Барлық жаңалықтар