00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Биологиялық белсенді қоспалардың зияны мен пайдасы – маман жауап берді

31.03.2023 | 23:33
Елорда ақпарат
32

Тағамға биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) мамандандырылған тамақ өнімдеріне жатады және ол дәрілік зат болып есептелмейді. Бұл туралы Астана қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Шағалтаева айтты, деп хабарлады Elorda.info

Оның сөзінше, ББҚ тағам ретінде тамақ өнімдері қауіпсіздігінің гигиеналық талаптарына Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 021/2011) және «Тамақ өнімдерін таңбалауға қатысты» (КО ТР 022/2011) техникалық регламенттерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

Ішкі нарықта тұтынушыға сатылуға ұсынылған барлық ББҚ қауіпсіз болуы шарт. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен берілетін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік құжатының болуы ББҚ қауіпсіздігін растау болып табылады.

ББҚ-дың мемлекеттік тіркеуден/қайта тіркеуден өткізуді біздің елде Денсалық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық Комитеті (бұлан әрі – Комитет) жүзеге асырады. Сізді қызықтыратын ББҚ-дың тіркеуін комитеттің сайтынан, сонымен қатар «ҚР өнімдерін (тауарларын) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер тізімінде» бөліміндегі бірыңғай тізімнен табуға болады. – деді дәрігер.

Оның айтуынша, мамандандырылған тамақ өнімдерінің бірыңғай тізімінің мәліметтері жалпыға қолжетімді болып табылады және күн сайын жаңартылған интернет желісіндегі арнайы іздеу серверінде орналастырылады. Сол себептен, барлық ББҚ-ды елге әкелу және өткізу (сату) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктері немесе мемлекеттік тіркеуге беру туралы мәліметтер болған кезде жүзеге асырылуы керек. Сондай-ақ биологиялық белсенді қоспалардың зияны мен пайдасы туралы әркім білуі қажет.

ББҚ-да табиғи немесе табиғи биологиялық белсенді заттармен бірдей  компоненттер бар. Олар адамның күнделікті қолданатын асын байыту және денсаулықты жақсарту үшін немесе мақсатты түрде мысалы, салмақ жоғалту үшін қолданылады.

Кейбір өндірушілер ББҚ өндіруде техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды бұзады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпаратына сәйкес, Ресей мемлекетінің «НПП «Лаборатория красоты ЖШҚ өндірісінің «Fatzorb» атауымен арықтауға арналған капсулаларында, адам денсаулығы үшін қауіпті күшті әсер ететін «сибутрамин» заты табылды. Бұл ретте көрсетілген ББҚ бірыңғай тізілімде тіркелген және мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі бар.

Сонымен қатар, Республикада, оның ішінде Астана қаласында сатылатын Қытай мен Франция мемлекеттері өндірістерінің «Fatzorb» биологиялық белсенді қоспалары ЕАЭО-ның мамандандырылған тамақ өнімдерінің бірыңғай тізілімінде тіркелмеген, осыған байланысты олар таратылмауы, яғни, сатылмауы тиіс.

Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті  тұтынушыны,  ББҚ сатып алмай тұрып оның Кеден одағының сайтында мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде тіркелгені немесе тіркелмегені туралы тексерудің қажеттілігін ескертеді, – деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары.

Сондай-ақ Айгүл Шағалтаева мемлекеттік тіркеуден өтпеген ББҚ-ды сатуға жол берілмейтінін мәлім етті.

Барлық жаңалықтар