00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада су тасқынына қарсы іс-шаралар жүріп жатыр

31.03.2023 | 23:05
Елорда ақпарат
25

Астанада су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Қаладағы су тасқыны қаупі бар учаскелердің саны өткен жылдармен салыстырғанда 21-ге дейін азайды, деп хабарлады Elorda.info.

Азаматтық қорғау органдары мен коммуналдық қызметтер тұрақты дайындыққа келтірілді. Су тасқыны салдарының алдын алу және жою үшін инертті материалдар қоры дайындалды.

Қазіргі уақытта Астанада қар мен мұзды жинау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде. Қысқы кезеңнің басынан бастап коммуналдық қызметтер елордадан 3,2 млн текше метрден астам қар алып шықты, 20 мыңнан астам аумақта арық желілері тазартылды, – делінген Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жеке сектор тұрғындарымен үй маңындағы аумақты қардан уақтылы тазарту туралы ақпараттандырумен профилактикалық әңгімелер белсенді түрде жүргізілуде.

Барлық жаңалықтар