00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«Astana Invest» жобалары арқасында 13 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

31.03.2023 | 22:49
Елорда ақпарат
36

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Инвестициялық тартымдылық: 2023 жылға арналған жоспарлар» тақырыбында «AstanaInvest» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Исатай Адресов брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Елорда бойынша негізгі капиталға инвестициялар (НКИ) соңғы 3 жылда 3,8 трлн теңгені құрады. 2022 жылы Астананың НКИ рекордтық көрсеткіш – 1,4 трлн теңгеге жетті. Нақты көлем индексі – 112,7%, оның өсу себебі – жергілікті компаниялардың негізгі капиталға инвестициялары. Тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) соңғы 3 жылда (2020 – 2022 ж. 9 ай) Астана қаласына 2,4 млрд АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестиция тартылды. 2022 жылы (9 айда) ТШИ көлемі – 740,9 млн АҚШ доллары (2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім – 7% (2021 ж. 9 ай – 692,6 млн АҚШ доллары), – деді ол брифинг барысында.

Исатай Адресовтың айтуынша, «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларды тарту және институционалдық қолдау, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын, арнайы экономикалық аймақтарды дамытуға жәрдемдесу және Астана қаласында туризмді дамыту мақсатында құрылған. Astana Invest мәртебесі – Астана қаласы әкімінің 2019 жылғы сәуіріндегі өкімімен аймақтық ұйымның алдында бекітілген («Astana Invest» – ең алғашқы өңірлік ұйым).

Инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары бойынша консультативтік қолдау, оның ішінде концессиялық және МЖӘ жобалары, инвестициялық жобаны іске асыру үшін жер учаскесін таңдауға жәрдемдесу, арнайы экономикалық аймақтар, туризмді дамыту қызметтерін көрсетеді.

Компаниядағы 150 жобаның жалпы инвестиция көлемі 1 053,61 млрд теңгені құрайды. Осы жобалардың арқасында қалада 13 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

Компанияның жобалық пулындағы ең көп инвестицияланған салалар білім беру – 45 жоба, инвестиция көлемі – 117,88 млрд. теңге; өнеркәсіп – 33 жоба, инвестиция көлемі – 109,06 млрд. теңге; логистика – 33 жоба, инвестиция көлемі 131,93 млрд. теңге; спорт нысандары және т.б. – 17 жоба, инвестиция көлемі 15,39 млрд. теңге, – деген басқарма төрағасының орынбасары компанияның жүзеге асырған ең ірі жобаларын атап көрсетті.

Компанияның жүзеге асырған ең ірі жобалары:

-«Alpamys School» ЖШС – балабақшасы бар жеке мектеп, инвестиция көлемі 5,7 млрд теңге;

-«CA Garden Schools» ЖШС – жекеменшік жалпы білім беру мектебі, инвестиция көлемі 4,5 млрд теңге;

-«Tamos Space School» ЖШС – жеке мектеп, инвестиция көлемі 3,5 млрд теңге;

-«Нурлы-Астана» КҚ – орта мектеп, инвестиция көлемі 3,3 млрд теңге;

-«ADD Sport Astana» ЖШС – көпсалалы спорт кешені, инвестиция көлемі 2,8 млрд теңге.

2023 жылы 93,64 млрд теңгені құрайтын 19 жобаны іске қосу жоспарлануда:

-«ОРПТ» АҚ – заманауи логистикалық кешен;

-«Rainbow Logistics» ЖШС – логистикалық парк;

-«Ясли-сад Еркетай» ЖШС – балабақшасы бар жеке мектеп;

-«International Education Council» ЖШС – жеке мектеп;

-«Международная школа-детский сад «Spectrum» ЖШС – балабақшасы бар жеке мектеп.

Қалада инвесторларды (инвестициялық келісімшарт бойынша, АЭА) мемлекеттік қолдаудың бірқатар шаралары қарастырылған, мысалы:

-жер, ғимараттар және жабдықтар түріндегі заттай гранттар;

-салықтық жеңілдіктер: шикізат пен жабдық импортына ҚҚС, КТС, жер салығы, мүлік салығы = 0%;

-кедендік жеңілдіктер: жабдықты және шикізатты әкелу үшін 5 жылға дейін кедендік баж салығы 0%;

-қажетті инфрақұрылымды жеткізу;

-квотадан тыс шетелдік жұмыс күшін тарту.

«Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін компания инвесторлардың барлық мәселелері бойынша тегін кеңес береді, сонымен қатар іске қосылғанға дейін инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға көмектеседі, – деді Исатай Адресов.

Барлық жаңалықтар