00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада автобустар 50 минутқа дейін кешігіп жатыр

31.03.2023 | 22:46
Елорда ақпарат
48

Астанада кептеліске байланысты қоғамдық көліктің аялдамалар арасындағы интервалы 50 минутқа дейін жетті, деп хабарлады Elorda.info City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта қала көшелеріндегі кептелістерге байланысты, автобус маршруттарының 50 минутқа дейін кешігуі бар. Қоғамдық көлікке арналған жолағы жоқ учаскелерде автобустар интервалының ауытқуы аса байқалады. Елорда жолдарында коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Біздің компанияның диспетчерлік қызметі қаладағы қоғамдық көліктердің қозғалысын онлайн режимде бақылап отыр, - делінген компания хабарламасында.

Барлық жаңалықтар