00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада каратэ-до WKF-тен Қазақстан чемпионаты өтті

31.03.2023 | 22:41
Елорда ақпарат
41

Астанада каратэ-до WKF-тен жасөспірімдер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Жарысқа еліміздің әр өңірінен 20-ға жуық командадан 421 спортшы қатысып, бақ сынады.

Бүгін, міне, чемпионаттың екінші күні. Жарысқа 15 өңірден, 19 спорт клубтарынан, 420-ға жуық спортшы қатысуда. Каратэ елімізде ғана емес, әлемде өте жақсы даму үстінде. Оған дәлел, 2022 жылы өткен әлем чемпионатында Қазақстан командасы 129 мемлекеттің ішінен 5-орынға тұрақтады. Ал Азия чемпионатында Жапония мемлекетінен кейін екінші орынға ие болдық. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Алдағы уақытта каратэ спорт түрін дамыту мақсатында қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, - деді Қазақстан каратэ-до WKF федерациясының вице-президенті Болат Хавлахат.

Каратэ-до WKF спорт түрін Қазақстанда бұқаралық дамыту арқылы, көпшілікке тарату мен спортшылардың спорттық шеберлігін жоғарылату – жарыстың басты мақсаты мен міндеті.

Бүгінгі Қазақстан Республикасының чемпионатында әрқайсысымыз үшін басты мақсат бірінші орынға ие болу, чемпион атану. Барлық спортшыларға тек ғана сәттілік тілеймін. Еліміздің әр өңірінен келген қарсыластарым осал емес, мықты спортшылар жетерлік. Олардың қайсысы болмасын жеңімпаз атануға лайықты, - деді астаналық құрама команданың спортшысы Венера Жақсыбаева.

Турнирде алтын жүлдеге ие болған спортшылар жоспарлы әлем чемпионатына тікелей жолдама алды.

Барлық жаңалықтар