00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада 19 жастағы жігіт көлік бамперлерін ұрлаған

31.03.2023 | 20:49
Елорда ақпарат
37

Астана тұрғыны көлік бамперлерін ұрлаған, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға елорда тұрғыны жүгініп, оның тұрақта тұрған ВМW-525 автокөлігінің алдыңғы және артқы бамперлерін ұрлап кеткені және 120 мың теңге сомасында материалдық шығын келтіргені туралы арызданған. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Сарыарқа ауданы ПБ қызметкерлері ұрлық жасады деп күдіктелетін 19 жастағы жас жігітті ұстады, - деп жазылған хабарламада.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Барлық жаңалықтар