00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада бір түнде 5 мың текше метрден астам қар шығарылды (ФОТО)

31.03.2023 | 20:32
Елорда ақпарат
34

Елордада қысқы кезеңнің басталуымен және қатты жауын-шашынның түсуімен коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде қаладан 200 мың текше метр қар шығарылды, деп хабарлады Elorda.info.

25 қараша күні таңертең қала көшелерін қар мен мұздан тазартуға 2,5 мыңға жуық жол жұмысшысы мен мыңнан астам арнайы техника шықты.

24-25 қарашаға қараған түні қаладағы коммуналдық қызметтердің күшімен 5 мың текше метрден астам қар жиналып, полигондарға шығарылды, бұл 500-ге жуық рейсті құрады.

Қыс мезгілінің басынан бастап елордадан 200 мың текше метрге жуық қар шығарылды, бұл 15 мыңнан астам ауыр жүк көлігіне тең.

Барлық жаңалықтар