00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

17 жастағы астаналық сатушыны жалған чекпен алдаған

31.03.2023 | 19:57
Елорда ақпарат
39

Астанада кәмелетке толмаған қыз сатушыны жалған чекпен алдаған, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға елорда тұрғыны алаяқтың айла-амалдарына тап болғанын айтып жүгінді. Арызданушының айтуынша, кешкі уақытта Сығанақ көшесіндегі дүкенде белгісіз біреу 11 мың теңгенің  тауарын алдамшы жолмен иемденген. Сатып алу кезінде қыз банк қосымшасының төлем жүйесінде жалған ақша аударымының скриншотын көрсетіп, сатушыны алдаған, - деп жазылған хабарламада.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданы Полиция бөлімінің полицейлері 17 жастағы кәмелетке толмаған баланы ұстады. Жасөспірім ата-анасына табысталды. Қазіргі уақытта ювеналды полиция қызметкерлері оны ерекше бақылауға алды.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Астана қаласының Полиция департаменті сауда саласының қызметкерлеріне сақ болуға және электрондық төлем чектерінің түпнұсқалығын мұқият тексеруге кеңес береді. Электрондық ақша қаражаттарының есебін жүргізу және түскен уақыты мен күнін белгілеу қажет.

Барлық жаңалықтар