00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Жыл басынан бері елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 100 мыңнан астам әйел шағымданған

31.03.2023 | 19:48
Аяулым Алтынбек
33

Елордада Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының «Қиын жағдайға тап болған әйелдер» жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Отырысқа Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов, қалалық Еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының жетекшісі Илья Скуб, Қазақстан әйелдер күштері альянсы мен Астана қаласы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының мүшелері, қоғамдық және жекеменшік қорлардың жетекшілері, құқық қорғау және денсаулық сақтау салаларының өкілдері қатысты.

Отырыс басталмас бұрын комиссия құрамы «ART IS FOREVER» бейнелеу өнері мектеп-мұражайын аралап, балалардың қолөнер туындыларымен танысты.

Іс-шараға қатысушылар «Отбасыдағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасы мен 2022 жылғы мемлекеттік және әлеуметтік тапсырыс пен жобалардың жүзеге асырылуын талқылады. Спикерлер елордадағы ерте жыныстық қатынас пен жүктіліктің алдын алу бойынша іс-шаралар туралы баяндаманы ұсынып, Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының құзіретін кеңейту мен модернизациялау мәселесін қозғады.

2022 жылдың басынан елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша полицияға 100 мыңнан астам әйел шағымданған болатын. Құқық қорғау қызметкерлері кризистік орталықтарға қиын жағдайға тап болған 7,5 мыңнан астам әйелді жеткізді. Зорлық-зомбылықпен күресу, әйелдер құқығын қорғау және отбасы институтын нығайту мақсатында Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы кешенді жұмыс жүргізуде, - деді Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы – бас инспектор Қарлығаш Саркенова.

Сондай-ақ іс-шара барысында қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов комиссия мүшелеріне елорда әкімі Алтай Көлгіновтің атынан алғыс хаттар табыстады.

Аяулым Серік

Барлық жаңалықтар