00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астаналық әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мерекелік концерт өтті

31.03.2023 | 19:38
Айман Нығмет
32

Елордадағы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында  Қарттар айлығы мен әлеуметтік қызметкерлер күні қарсаңында мерекелік концерт өтті, деп хабарлады Elorda.info.

«Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 1989 жылы ІІ дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне арнап ашылған. Бірақ бүгінде соғыс ардагерлеріне теңестірілген жандарға, тыл еңбеккерлері атанған жалғызбасты қарияларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық көрсетіп келеді. Орталықта 480 зейнет жасына жеткен, І және ІІ топтағы мүгедектер мен ұдайы басқа адамның көмегі мен күтіміне мұқтаж жалғызбасты адамдар тұрады. Оның ішінде 49 мүмкіндігі шектеулі жан бар. 60 әлеуметтік қызметкер орталықта тұратын адамдардың қажеттілігін толық қамтамасыз етеді.

«Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Әлия Байқалқызы елордада жалғысбасты қариялар саны артып жатқанын айтты.

Біздің орталықтағы қариялардың тағдыры мен денсаулық жағдайы әртүрлі. Олар бірінші кезекте медициналық көмек алады. Сондай-ақ мамандар көмегімен әлеуметтік, құқықтық, мәдени, психологиялық, экономикалық бағытта көмек көрсетіледі. Қазір бізде 6 бөлімше бар, болашақта тағы бір бөлімше ашу жоспарда бар. Себебі, өкінішке қарай, елордада жалғысбасты немесе қамқорлықсыз қалған қариялар көбейіп жатыр. Өмірлік қиын жағдайға тап болған қарияларға әлеуметтік қызметкерлер көмектеседі. Біздің қызметкерлердің жұмысы оңай емес. Бүгінгі әлеуметтік қызметкерлер күніне орай барлық қызметкерге алғысымды білдіремін, - деді Әлия Байқалқызы.

Астана қаласы мәслихатының депутаты, №5 қалалық емхананың бас дәрігері Алтыншаш Табулдина орталық қарияларына әрқашанда медициналық көмек көрсетілетінін атап өтті.

Әлеуметтік сала қызметкерлерінің мерекесі жыл сайын осы мекемеде аталып өтіледі. Бұл орталықтағы қариялар №5 қалалық емханасынан медициналық көмек алады. Орталықтың өзінде медициналық көмек тәулік бойы көрсетеледі. Қариялар біздің емханаға тіркелген, сол арқылы олар тегін дәрі-дәрмек алады. Орталықта қызмет алушыларға барлық жағдай жасалған. Бос уақыттарында мәдени, спорттық ойындармен айналысады. Олар әрқашан қамқорлықты қажет етеді. Орталық қызметкерлері әрқайсысына жақсы көңіл бөліп, барынша көмектесуге тырысады , – деді Алтыншаш Табулдина.

Әлеуметтік қызметкер күніне орай өткізілген мерекелік жиында көрермендер әр жылдардағы әндерді тыңдап, заманауи және түрлі халықтардың билерін тамашалады.

Айта кетейік, концерттік бағдарлама барысында орталық директоры кәсіби мерекеге орай бірқатар қызметкерді марапаттады.

Барлық жаңалықтар