00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада Máńgilik el Daýysy бірегей ұлттық музыкалық шоуы өтті (ФОТО)

31.03.2023 | 19:32
Елорда ақпарат
15

Республика күніне орай Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Бейбітшілік және келісім сарайында Máńgilik El Daýysy бірегей ұлттық музыкалық шоуы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

ҚазАқпарат-тың жазуынша, Máńgilik El Daýysy - бұл әртістер көрермендермен бірге сүйікті әндерін бірлесе орындайтын бірегей музыкалық жоба. Сахнада отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Сондай-ақ біздің концерттік бағдарламамыз көрермендерімізге ұмытылмас әсер сыйлайды деп сенемін. Жоба алғаш рет осындай ауқымда өтіп отыр. Ол алдағы уақытта халық арасында танымал болып, Қазақстанның барлық өңірлерінде қойылады деп сенемін, - деп атап өтті жобаны қоюшы режиссердің көмекшісі Аида Ақтанова.

Шоудың ерекшелігі - көрермендер қазақстандық эстрада жұлдыздарымен қосылып, ән сала алады. Яғни, ол үшін танымал туындылардың мәтіндері арнайы LED-экрандарда көрсетіледі.

Бұл 100 пайыз тірі шоу, қойылым. Мұндай жобаларды көбі қолға ала бермейді. Бірақ біз осындай кең ауқымда концерт ұйымдастыруға бел шештік. Әуендер жанды дауыста орындалады. Ешқандай алдын-ала жазылған музыка жоқ. Көрермендер әншімен қосыла отырып ән шырқауы үшін біз экрандарға арнайы ән мәтіндерін шығарамыз, - деп атап өтті Константин Головин.

Мерекелік шара барысында қазақстандық эстрада жұлдыздары өздерінің үздік әндерін жанды дауыста орындады. Онда Әмре, 2RAR, Нұржан Керменбаев, Yenlik, Ayree, Қайрат Нұртасс сияқты танымал әншілер өнер көрсетті.

Осы концертке шақырту алғаныма өте қуаныштымын. Бұл концерт 2019 жылы да өткен болатын. Менің бұл жерден алған эмоцияларымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Көрермендердің сүйіспеншілігі мен қолдауы үшін алғыс айтқым келеді. Барша қазақстандықтарды осы мерекемен құттықтаймын. 25 қазан - біз үшін егемендік алуға жасаған алғашқы қадамымыздың нышаны. Сондықтан осы Тәуелсіздігіміздің мәңгілік сақталғанын қалаймын. Біз үшін бұл басты мерекелердің бірі, - деп пікір білдірді әнші Нұржан Керменбаев.

Барлық жаңалықтар