00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада Республика күніне орай концерт өтіп жатыр

31.03.2023 | 19:32
Елорда ақпарат
48

Астана қаласы EXPO алаңындағы «Тәуелсіздікке 25 жыл» монументінің жанында «МузАрт» тобы, Qanay, Маржан Арапбаева және басқа да қазақстандық эстрада жұлдыздары мен балалар мен жасөспірімдер ұжымының қатысуымен Республика күнін мерекелеуге арналған «Қазақстаным менің» атты Open Air форматында концерті өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шара сағат 23:00-ге дейін жалғасады. 

«МузАрт», Qanay, Маржан Арапбаева, MM өнер-білім беру орталығы, Мемлекеттік академиялық филармония, «Жастар» театры, Жолдасбек Әбдіханов, Ақтоты Болшова, Диана Исмаил, Ұлықпан Жолдасов, Amali, Auka, «IMZ1» girls band тобы, «Наз» мемлекеттік би театры, «ДиАрт» триосы, Думан Усаев, Кулаим Қайырбаева, Нұрбол Балапанов, Жади, Оралхан, Жандос Айдынұлы, Салдибек Әбуов, «Аяру» тобы, «Gentlemen» тобы, Зарина Омарова, Нұржан Халжан, Жігер Аупбаев және Әділет Жауғашар сынды өнерпаздар әннен шашу шашып жатыр.

Ашық аспан астында өткен іс-шарада 5 балалар шығармашығы ұжымы өнер көрсетті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арайлым Рахымқызының айтуынша, Республика күні мерекесіне ұлттық мәртебе берілуі өзіміздің тарихымыз бен құдылықтарымызға қайта орала бастағанымызды дәлелдейді.

 

Барлық жаңалықтар