00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада «Республикам Қазақстан» атты концерт өтті

31.03.2023 | 19:31
Елорда ақпарат
31

Астанада «Наз» мемлекеттік би театры елорда тұрғындары мен қонақтарына «Республикам Қазақстан» атты концертін ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

Республика күніне орай өткен мерекелік концерт «Наз» театрының ғимаратында өтті.

Концерт барысында көрерменге түрлі қойылым қойылды. «Бесікке салу», «Тұсау кесер», «Беташар», «Қыз қуу» секілді салт-дәстүрлер көрсетілді. Олардың басым бөлігі ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрге негізделген.

 «Наз» мемлекеттік би театрының көркемдік жетекшісі Қадиша Ағымбаеваның айтуынша, мереке тарихымызды ұмытпауға, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға және халықтар бірлігін нығайтуға бағытталған.

Концерт барысында қазақтың салт-дәстүрін бидің тілімен ұсынамыз. Мұндай элементтерді тамашалаған көрермен міндетті түрде ойына ауыл, ұлттық рух және т.б. оралатыны рас. Залға жиналған қауым әр биден эстетикалық ләззат алатынына үміттенеміз,- деді Қадиша Ағымбаева.

Барлық жаңалықтар