00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астаналық дәрігерлер өте сирек кездесетін сырқаты бар екі науқасқа ота жасады

31.03.2023 | 19:28
Елорда ақпарат
24

Елордадағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасында дәрігерлер міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша өте сирек кездесетін сырқаты бар екі науқасқа ота жасады. Оның бірі туа біткен сол жақтағы зәр шығару жүйесінің толық екі еселенуі патологиясымен ауыратын қызылордалық 10 жасар қызға  жасалды, деп хабарлады Elorda.info.

10 жасар қыз бала Қызылорда қаласынан туа біткен сол жақтағы зәр шығару жүйесінің толық екі еселенуі патологиясымен түскен.  Мұндай туа біткен сырқаттардың бір ғана емі – қатты зақымданған органды алып тастау. Оның үстіне жай (дәстүрлі) ота кішкентай науқас үшін өте ауыр.

Сондықтан ота процесі жан-жақты ойластырылып жасалды.Дәрігерлер нәтижесінде тіндерді барынша аз зақымдап, тіліксіз, кішкене 5 мм тесу арқылы тіліксіз, бүйрек пен жұмыс істеп тұрған зәр шығару жүйесін сақтай отырып, қатты зақымданған органды алып тастады.

Қызым 2-3 жылдан бері ауыратын. Дәрігерлер оған дәрі-дәрмек жазып беретін, содан басылатын. Осыдан 4-5 ай бұрын қатты ауырып, тексерілдік. «1 бүйрек 2-бүйректен кішкентай» деп,  облыстық ауруханаға жаттық.  МРТ, КТ түсірді. Себебін анықтай алмаған соң Астанаға келдік. Ауруханаға қабылдап, дәрігерлердің тез арада тексеруі нәтижесінде,  МӘМС бойынша тегін ота жасалды. Қызым қазір өзін жақсы сезінеді. №2 қалалық балалар ауруханасының дәрігерлеріне көптен көп рахметімді айтқым келеді, - дейді қыздың анасы Ұлмекен Досманбетова.

Қазақстанда мұндай ота балаға алғаш рет жасалып отыр. Бұл елордадағы балалар хирургиясының одан әрі дамуына, хирургиялық көмектің ең заманауи әлемдік деңгейде прогрессивті әдістерін әзірлеп, енгізуге сенімділік береді.

Сондай-ақ №2 қалалық балалар ауруханасының хирургтары 5 жасар балаға тері арқылы гастростомия жасайтын тағы бір өте сирек ота жасады. Бұл ота да Медициналық сақтандыру қоры есебінен жасалды.

Табиғи жолмен тамақтануға кедергі келтіретін бірқатар неврологиялық аурулар бар. Толыққанды өмір сүру үшін азық-түлікпен жеткілікті қамтамасыз ету маңызды. Сол үшін гастростома орнату арқылы тамақ беріледі.

Перкутанды гастростомия - науқасты жеткілікті және толық тамақтанумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін хирургиялық араласу.

Гастростомия орнату ауыр сырқаты бар науқастардың толыққанды тамақтануына мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, мұндай жоғары технологиялық медициналық қызметтер – бағасы қымбат оталар, талдаулар мен түрлі тексерулер МӘМС жүйесі бойынша қолжетімді.

Барлық жаңалықтар