00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада Республика күніне орай концерт өтті

31.03.2023 | 19:24
Елорда ақпарат
38

Республика күні қарсаңында Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Жас көрерменнің музыкалық театрында концерт өтті, деп хабарлады Elorda.info.  

Мерекеліс іс-шараға Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов, «Байқоңыр» ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев, ауданның ардагерлер қауымдастығы мен түрлі сала қызметкерлері қатысты.

Құрметті қонақтар! Сіздерді 25 қазан – Республика күнімен құттықтаймын! 1990 жылы дәл осы күні ҚазақКСР Жоғарғы Кеңесі егемендік алу туралы декларациясын бекітіп, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының тірегі болған құжатты қабылдады. Егемендік пен тәуелсіздік – еліміздің басты құндылығы, ал егемендіктің жарты жемісі – бұл Астана қаласы. Елордамызды дамытуға үлес қосқан азаматтардың жұмысы – үлкен қуаныш, мақтаныш деп білемін, – деді «Байқоңыр» ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев құттықтау сөзінде.  

Елдік қасиетіміз бен құндылықтарымызды ұлықтаған ұлттық мереке қарсаңында ұйымдастырылған іс-шара барысында еңселі елордамыздың дамуына үлес қосқан қала тұрғындарын жылы лебізін білдіріп, Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов құттықтады.

Егемендік алуымызбен Астана қаласы елордамыз атанды. Еңселі елордамыздың көркеюінің негізгі себепшісі – мына сіздер, қала тұрғындары. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында қаламыз үлкен мегаполиске айналды. Құрылғанына төрт жыл болған Байқоңыр ауданының келбеті сіздермен бірге қалыптасты. Сондықтан барша қала тұрғындарын мерекемен құттықтай отыра, жұмыстарыңызға толағай табыс тілеймін, – деді Е.Каналимов.

Салтанатты іс-шарада Байқоңыр ауданының дамуына үлес қосқан, әр салада еңбек еткен үздік қызметкерлер қала әкімі Алтай Көлгінов пен ауданы әкімі Ерлан Жаулыбаевтың атынан арнайы Алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Солардың бірі – Байқоңыр ауданының өндіріс кентінің белсенді тұрғыны Дәнекер Касимова.

Байқоңыр ауданының өндіріс кентінде бір жарым жылға жуық уақыт жұмыс істеймін. Ауданның тазалығына, тыныштығына, қауіпсіздігіне жауап беремін. Бүгін Республика күні қарсаңында аудан әкімі үздік әрі белсенді тұрғындарды мерекемен құттықтап, марапаттап жатыр. Мен өте қуаныштымын. Егеменді еліміздің дамуына өзімнің үлесімді қосқаныма ризамын. Республика күні құтты болсын! Еліміз аман болсын, – деді қала тұрғыны.

Мерекелік кешті Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның Қазақ оркестрі күмбірлеген күйімен жалғастырып, өзге де өнерпаздар көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

 

Индира Бержанова

Барлық жаңалықтар