00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астана су қоймасынан құтқарушылар екі балықшының денесін тапты

31.03.2023 | 18:12
Сабина Кәкімжан
38

Елордада су қоймасынан жоғалып кеткен екі балықшының денесі табылды, деп хабарлады Elorda.info.

Zakon.kz жазуынша, 10 қазанда 1972 және 1975 жылғы Теміртау қаласының екі тұрғыны моторлы қайықпен балық аулау кезінде белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. 

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 6 адам және бір техника, бір жүзу құралы, Полиция департаментінің жеке құрамынан 2 адам және 2 техника, жергілікті атқарушы органдар, төрт волонтер және екі техника, стационарлық эхолотпен жабдықталған екі жүзу құралы жұмылдырылған, - деп жазылған Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жоғалған екі балықшының бірінің денесі 11 қазанда табылды. Ал екінші балықшы - 1972 жылғы ер адамның денесі жағадан 500 метр қашықтан көлдің түбінен табылған.

Ақмола облысының ТЖД балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады. Бұл арада бастысы – мас күйінде балық ауламау және суда болған кезде арнайы қауіпсіздік киімін кию.

 

Барлық жаңалықтар