00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордаға қарасты елді мекендерді жүйелі түрде дамытып жатырмыз – Алтай Көлгінов (ВИДЕО)

31.03.2023 | 18:01
ҒаниАтымтай
38

Елордада 16 елді мекенде шамамен 345 мың адам тұрады – яғни, Астананың әрбір 4-тұрғыны. Абаттандыру мәселелерімен қатар жүйелі мәселелер де бар: электр, су, кәріз, нөсер, жылыту, әлеуметтік нысандардың құрылысы және т.б., деп хабарлады Elorda.info. 

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің instagram-парақшасында жазды. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елді мекендерді жүйелі түрде дамытудамыз. Мәселен, тұрғын алаптарды 42 км сумен, 17 км нөсер, 11 км кәріз, 3,2 км астам электр және 680 км газбен жабдықтау желілерін салдық.

Елді мекендерде 4 білім беру нысанын, 2 спорт кешенін, 300 аула мен қоғамдық кеңістік және ұзындығы 117 км-ден асатын 250 көшені жөндеп, салдық, сонымен қатар 3,7 мың жарықтандыру тірегін орнаттық.

Бұл жай ғана сандар емес, бұл елді мекендерде тыныс-тіршілікті жақсартуға мүмкіндік берген үлкен жүйелі жұмыстардың нәтижесі. Бірақ, әрине, бұл да жеткіліксіз. Елді мекендерді дамыту бойынша жұмыстарды әлі де жалғастырудамыз. Кездесулердің бірінде «Үркер» елді мекенінің тұрғындары «сол жағалаудың жарығына тамсанамыз» деген болатын. Біздің мақсатымыз – шет аймақтарды өмір сүруге қолайлы ету. Бұл бағыттағы жұмыстарымызды да жүргізудеміз, – деп жазды елорда әкімі.

Сондай-ақ қала басшысы бүгінде орталық су құбыры мен кәріз желілерінің құрылысы басталғанын айтты.

Оқи отырыңыз: Елордада теміржол ауруханасы бұрынғы қонақүйдің ғимаратына көшірілуі мүмкін 

Алтай Көлгінов стратегиялық нысандардың құрылысы туралы айтты

Астанада газдандыру жұмыстары қалай жүріп жатыр

«Ағаш отырғызу учаскесі» (ЛПУ) елді мекеніне жеке тоқталып кетсем. Бұл елді мекенде 400-ден астам адам тұрады. Кездесуде су мәселесі көтерілді, өйткені бұл елді мекен пайда болғалы тұрғындарға орталықтандырылған су құбыры тартылмаған. Тұрғындар суды тасуға мәжбүр, әрине, бұл көптеген қолайсыздықтарды тудырады. Бұған дейін жобаны жасап, қазір орталық су құбыры мен кәріз желілерінің құрылысын бастадық.

Сонымен қатар, келесі жылдан бастап аталған елді мекенді газдандыру бойынша жобаны дайындауды жоспарлап отырмыз, сондай-ақ әлеуметтік нысан (балабақша) салу жоспарда бар. Кездесуде басқа да бірқатар мәселені қарастырдық, – деді Астана қаласының әкімі. 

Барлық жаңалықтар