00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық құрылысшылар шағын футболда жеңімпаз атанды

Екінші рет ұйымдастырылған іс-шараның басты мақсаты – жұмыс басты жастардың назарын спортқа аудару және есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейту болды. Шағын футболға 6 команда қатысып, спортқа мығым жастар анықталды.

Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған қалалық Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Еркеш  Қалықов елорданы есірткісіз қала ету өзіміздің қолымызда екенін айтты.

Нұр-Сұлтан қаласында есірткі қылмысына қатысты деректер азайып келеді. Бүгінгі футбол ойнауға жиналған жастарды есірткі бизнесінен аулақ болуға шақырамын. Одан да денсаулығымға пайдалы іспен айналысайық. Барлық командаларға сәттілік тілеймін, - деді полиция подполковнигі Қалықов Е.

Тартысты ойын нәтижесінде қалалық «Базис-Aстана» құрылыс компаниясының жігіттері бірінші орынға ие болды. Шағын футбол ойнауға келген «Базис-Aстана» құрылыс компаниясының жастары былтыр турнирде екінші орынды иеленді.

Біздің құрылыс компаниясында жұмыскерлердің 60 пайызы жастардан құралған. Бүгінгі шағын футбол ойнауға 10 адам келді. Біздің жігіттерден құралған футбол командасы аптасына екі рет жаттығып, өзара футбол ойнайды. Бүгінде жүлделі орынға ие болдық,- дейді компания өкілі Кенже Жапаров.

Айта кетейік, бүгінгі спорттық жиынның ұйымдастырған «Ali group» ЖК ұйымы ай сайын 2 рет жұмыс істейтін жастар арасында спорттық турнирлер өткізіп тұрады.

 

Барлық жаңалықтар