00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада скандинавиялық жүрістен фестиваль өтеді

25.02.2023 | 13:41
Елорда ақпарат
31

Аталмыш фестиваль 30 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық саябақта Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай ұйымдастырылмақ. Жарыс қатысушылары Орталық саябақтағы шаңғы-роллер тас  жолында символдық 3 шақырымдық қашықтықты бағындырады.

Іс-шара аясында «Еуразия» скандинавиялық жүріс мектебінің негізін қалаушы Максим Прощенко фестиваль қатысушыларына тегін шеберлік сабағын өткізеді. Фестивальдің әрбір қатысушысы сыйлық ретінде футболка мен сертификат алу мүмкіндігіне ие болады.

Барлық қатысушылар фестиваль аяқталғаннан кейін жоба серіктестерінің жүлделерінің ұтысына қатыса алады.

Мына сілтеме арқылы міндетті түрде тіркелу қажет.

Фестивальге тіркелу 28 тамызға дейін жалғасады.

Фестивальға тіркелген қатысушыларға ұтыс ойынына қатысу үшін футболкалар мен тіркеу нөмірлерін беру таңғы сағат 10:00-де басталады. Фестиваль Орталық саябақтағы шаңғы-роллер тас  жолында сағат 12:00-де басталмақ.

Барлық жаңалықтар