00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елорданың биылғы бюджеті нақтыланды

25.02.2023 | 13:29
Елорда ақпарат
21

Іс жүзіндегі түсімге жүргізілген сараптамаға сәйкес, жергілікті кіріске қатысты жоспарды болжаммен 50 млрд теңгеге арттыра отырып, 534,8 млрд теңгеге жеткізу ұсынылады. Оның ішінде салық түсімдері – 40 млрд теңгеге, салық емес түсімдер – 4,8 млрд теңгеге, ал негізгі капиталды сатудан түсетін түсім – 5,2 млрд теңгеге артық болады, - деді Қайсар Манқараев қалалық мәслихаттың қоғамдық кеңесі отырысында.

Басқарма басшысының дерегінше, енгізілген өзгертулерді ескерген кездегі елорданың нақтыланған бюджетінің жалпы көлемі биыл – 867 млрд 234 млн теңге.

Оның ішінде жергілікті кіріс түсімі – 534 млрд 862 млн теңге, республикалық бюджеттен трансферт түріндегі түсім – 236 млрд 927 млн теңге, займ түсімдері – 32 млрд 167 млн теңге, сонымен қатар қалдық қаражат – 63 млрд 277 млн теңге мөлшерінде болады, - деді ол.

Барлық жаңалықтар