00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Суға батып бара жатқан қызды құтқарған елордалық тұрғын марапатталды

25.02.2023 | 13:11
Елорда ақпарат
33

Айта кетейік, 30 шілде күні сағат 17:50-де Жедел-құтқару жасағының бөлімшелері Қарасу өзенінде баланың суға батып кеткені туралы келіп түскен хабарламаға жедел түрде шықты.

1996 және 2006 жылдары туған екі апалы-сіңлілі Қарасу өзенінің жағасында доп ойнап, абайсызда суға құлап кеткен. Батып бара жатқан қыздарды құтқаруға сол маңда жүрген 1982 жылы туған азамат – Ерлан Ақпаев көмекке келген. Ол дереу өзенге секіріп, бірінші болып үлкен әпкесін жағаға шығарған. Өкінішке қарай, кіші сіңілісін құтқару мүмкін болмаған, өйткені қыз бірден су астына батып кеткен. Осы кезде құтқарушылар да көмекке жетіп, іздеу жұмыстарына кіріскен, - делінген қалалық ТЖД хабарламасында,

Кейінірек сүңгуірлер тобы 2006 жылы туған қыздың денесін тауып, судан алып шықты.

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Ерланға құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін алғыс білдірді.

Барлық жаңалықтар