00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада «Халықпен бірге» Open Air іс-шарасы өтті

25.02.2023 | 12:20
Айман Нығмет
33

Концерт сағат 18:00-де «Астана Арена» стадионының алдында басталды. Музыкалық бағдарламаның басталуына дейін алаңға көрермендер жиналды. Тыңдаушылар арасында тек жастар ғана емес, жасы үлкен қонақтар да болды.

Бүгін біз ауқымды іс-шара өткізіп жатырмыз. Көріп отырғаныңыздай, көптеген адам жиналды. Біздің есебімізше, шамамен 10 мың адам бар. Бүгінде 20-ға жуық отандық эстрада жұлдызы, олардың ішінде Маржан Арапбаева, Зарина Омарова, Әлішер Кәрімов, өнер көрсетті. Сондай-ақ, жастардың сүйіктілері де сахнада өз өнерлерін паш етеді, – деді Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Жаңабай Мейірманқұлов.

Танымал әнші Ержан Мақсұм өз эмоциясымен былайша бөлісті.

Көңіл-күйім керемет. Баршаңызды шын жүректен мерекемен құттықтаймын! Бақыт, денсаулық, ашық аспан және еліміздің гүлденуін тілеймін! Мен сіздерді жақсы көремін! – деді ол.

Әлішер Кәрімов те кеш қонақтарын мерекемен құттықтады.

Менің ойымша, көңіл-күйіміз жақсы, өйткені бүгін осындай керемет концерт өтіп жатыр. Осы мереке күні мен барша қазақстандықтарға бірлік, жарқын болашаққа деген сенім тілеймін. Бізде, негізі бәрі жақсы. Позитивті ойлап, өміріңізді жақсы арнаға бұрыңыз. Әрине, тынымсыз еңбек ету керек, – деді Әлішер Кәрімов.

Көрермендер Open air ұйымдастырушыларының жоғары дайындығын атап өтті. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін іс-шара күні арнайы автобустар ұйымдастырылды, олар ниет білдірушілерді қаланың үш нүктесінен алаңға жеткізді.

Концерт қонақтары попкорн, балмұздақ жеп, сусындар сатып ала алды. Сол сияқты бұл маңда үлкен қазандарда пісірілген палаудың да дәмін татуға мүмкіндік жасалды.

Open air концертінің көркін жастардың сүйіктілеріне арналған Ninety One, Akha, Amre, RaiM, Abdr қыздыра түсті.

Көрермен қауым арасында өздеріне таныс музыка ойнағанда бірге шырқап, билей жөнелгендер де болды.

Мереке соңында елордада жаңбыр жауғанмен жұртшылық орындарынан қозғалмастан соңына дейін тамашалады. Концерт 22:00-де аяқталды.

Барлық жаңалықтар