00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қарағандылық оқушылар елордада экскурсия жасады

25.02.2023 | 11:35
Елорда ақпарат
32

Елордаға экскурсия Балалар жылы аясында ұйымдастырылды. Жас туристердің алғашқы легі Нұр-Сұлтанда маусым айында болған еді. Елордаға тағы да жүз оқушы келді.

№37 негізгі мектептің 14 жастағы оқушысы Анель Глинская үшін бұл ел астанасына алғашқы сапары.

Мен бұрын Нұр-Сұлтанда болмаған едім, сондықтан маған бәрі қызық болды. Әдемі ғимараттар, қаланың өзі таң қалдырды, – дейді Анель. – Шаһар әсемдігімен еліктіреді. Мен мұнда оралғым келеді.

12 жасар Аслан Нышанбай да шаттығын жасырмады. Ол да осыған дейін елордада болмаған екен.

Мен де № 37 мектепте оқимын. Маған бас қала өте ұнады. Әсіресе океанариум, Бәйтерек. Экскурсия ұмытылмас әсер қалдырды. Мен бұрын біздің астанамыздың соншалықты әдемі екенін елестете алмадым, – дейді Аслан.

Экскурсия барысында оқушылар океанариум мен Бәйтеректен басқа балалар ҚР Ұлттық мұражайы мен Ұлттық ғарыш орталығы жанындағы саябаққа барды.

Тур балаларға ұмытылмас сәттер мен жағымды әсер сыйлады. Оқушалардың көбісі үшін бұл елордаға алғашқы сапар болды. Жаз мезгілінде Нұр-Сұлтанның көрікті жерлеріне 300 бала тегін келеді. Құрамында жүз адам бар соңғы лек тамыз айында аттанады, – деп атап өтті Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Данияр Сәбитов.

Барлық жаңалықтар