00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елорданың 146 проблемалы учаскесінде су басу мәселесі шешілді – әкім

25.02.2023 | 10:39
Елорда ақпарат
28

Елордада нөсер кәрізі мен оның құрылысы бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүріп жатыр. Қаланың ең проблемалы даңғылдарының бірі Б.Момышұлы даңғылы болды. Толассыз жауын жауып, көліктердің жартысына жуығы су астында қалғаны, енді бірінің үрлемелі қайықтармен жүзіп жүргені естеріңізде болар. Бұл даңғылда біз нөсер кәрізінің магистралды коллекторын салдық. Нөсер кәрізінің ұзындығы 500 метрді құрайды – Дауылпаз көшесінен басталып, Елім-ай көшесіне дейін (Б.Момышұлы даңғылынан өтеді) жалғасады. Жаңа құрылыс қолданыстағы нөсер кәрізі желілерінің өткізу қабілетін 1,5 есеге арттыруға мүмкіндік берді. Бұдан басқа, Жастар шағын ауданында (Тәшенов пен Амман көшелерінің қиылысы) жеткізуші коллекторларды қайта жаңғырту арқылы тазарту құрылысы салынды. Жаңа құрылыстардың қуаттылығы – тәулігіне 42 мың текше метрден астам. Аталмыш тазарту ғимараты Тәшенов, Бараев, Уәлиханов, Пушкин, Иманбаев көшелерінің, Республика, Тәуелсіздік даңғылдарының жоғарғы бөлігінде су басу мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Бұл құрылыстың ерекшелігі – Есіл өзеніне құяр алдында жаңбыр мен еріген қар суын тазартып алады, – деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ Тельман елді мекенінде тазарту қондырғысы мен магистральдық коллектор, Пригородный елді мекенінде және Алаш тасжолы бойындағы логистикалық орталық ауданында тазарту қондырғысы салынды, осыған дейін Мыңжылдық аллеясы ауданындағы 2 учаскеде нөсер кәрізінің проблемасы шешілді.

Алматы ауданында (Ш.Қалдаяқов көшесі), жаңа вокзал, Ұлы Дала даңғылы және т.б. нөсер кәрізінің құрылысы жүріп жатыр. Нөсер кәрізі мен тазарту құрылысын салу және қуатын кеңейту бойынша жұмыстарды қала әкімдігі жүйелі деңгейде жүргізіп жатыр.

Барлық жаңалықтар