00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада оқушылардың көлік картасын қайдан алуға болады

25.02.2023 | 08:54
Елорда ақпарат
41

Елордада мектеп көлік картасының болуы және оны автобуста міндетті түрде валидация жасау шартымен 18 жасқа дейінгі балаларға тегін жол жүру мүмкіндігі бар. Картаны Р.Қошқарбаев даңғылы 50/1 мекенжайындағы орталық кассада немесе онлайн, transcard.kz сайтында алуға болады.

Құрметті ата-аналар, transcard.kz сайты арқылы онлайн тапсырыс беріп, дайын болған мектеп көлік карталарын алуларыңызды сұраймыз, – делінген компанияның хабарламасында.

Айта кету керек, көлік картасының дайындығы туралы хабарлама тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі.

Сондай-ақ, бүгіннен бастап дербестендірілген (жеңілдік және мектеп) көлік карталарының бастапқы шығарылымының құны ҚҚС-пен 800 теңгені, қайта шығару – ҚҚС-пен 1 500 теңгені құрайды.

Барлық жаңалықтар