00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы өтті

25.02.2023 | 06:18
Елорда ақпарат
19

«Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында «Астана жастары» ЖРО волонтерлары Жеңіс күнінің 77 жылдығына орай тыл ардагерлеріне барып, азық-түлік жиынтықтарын таратты.

«Eкінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тынбай еңбек еткен,  майданда жеңіске жету үшін барын берген адамдарға алғыс айтылды. Акция жыл бойы жалғасын табатын болады», – деді Еріктілер қозғалысын дамыту бөлімінің қызметкері Айзат Әли.

Ал еңбек ардагері Нина Бескарабайноя әжей болса осындай игі шараны ұйымдастырушыларға алғысын айтып, қуанышын жасыра алмады.

«Өте қуаныштымын! Жастардың осылай көңіл бөліп, іздеп келіп жатқаны көңілге медеу сыйлайды. Бақытты болыңдар! Еңбегіміздің осынша жыл өтсе де бағаланып, ұрпақтардың ұмытпағаны қуантады», –  дейді әжей.

Барлық жаңалықтар