00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Экологиялық кеңесте Кіші Талдыкөлді сақтау мәселелері талқыланды

24.02.2023 | 20:42
Елорда ақпарат
41

Ең алдымен, аймақтық экологиялық кеңестің мүшесі Батырбек Мусин Кіші Талдыкөлдің бүгінгі жағдайы бойынша баяндама жасады. 21 қазан күні өткен кеңесте айтылған мәселелер бойынша ешқандай жұмыс жасалмағанын және әкімдікке жіберілген ұсынысқа жауаптың мерзімінен кеш келгенін атап өтті.

Заң жүзінде жіберілген ұсынысқа жауап 15 күн аралығында берілу керек болса, бізге жауап 25 қараша күні келген. Демек, арада 1 айдан аса уақыт өткен. Және де келген хатта біз ұсынған ұсыныстардың ешқайсысына мардымды жауап берілмеген, - деді ол.

Талдыкөл көлінің жағдайы бойынша көп мәселені көтеріп жүрген, орнитолог Руслан Оразалиев әр айда түсірілген суреттерді көрсете отырып, уақыт өткен сайын құрылыс алаңының аумағы үлкейіп бара жатқанын айтты. Сонымен қатар, қоқыстардың да осы жаққа төгіліп жатқандығын атап өтті.

«Біз таза ел үшін» акциясының ұйымдастырушысы Шасалим Шагалимовтің айтуынша, бұл мәселе бойынша экологиялық прокуратурамен тікелей жұмыс жасау керектігін ескертті. Сондай-ақ, Ш.Шагалимов өз сөзіңде қалада кезекті ФОНДОМАТ құрылғыларының орнатылғанын айтты.

Кеңес қорытындысы бойынша, кеңес мүшелері келесі отырысқа әрбір мекемеден жауапты тұлғалардың қатысу керектігін баса айтты. Себебі әрбір қойылған сауалға нақты жауап алып, мәселені шешу жолдарын қарастырмаса Кіші Талдыкөлді сақтауға жасаған әрекеттер зая кетеді. Және де қосымша эколог, гидролог мамандарды да шақырту қажет. Кеңес барысында әрбір айтылған пікір ескеріле отырып, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне тағы да ұсыныстар жіберіледі.

Барлық жаңалықтар