00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада полицейлерге арналған жаңа ғимарат ашылады

24.02.2023 | 17:08
Елорда ақпарат
42

“Тәртіп сақшыларына қолайлы еңбек жағдайын жасау және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Полиция департаментінің (Сарыарқа ауданы) бөлімшесіне арнап жаңа ғимараттың құрылысын жүргізіп жатырмыз. Құрылыстың өзі 5 жыл бұрын басталған, бірақ сот процестеріне байланысты проблемалы нысан ретінде танылды.

Маңызды нысанның құрылысын қайта бастау үшін бірқатар проблеманы шештік, оның ішінде құрылыс конструкцияларына техникалық тексеру жүргіздік: апатты тұстарын демонтаждадық, плиталарын күшейттік және т.б. Нысанды бірнеше айдан кейін пайдалануға беру жоспарланып отыр, жаңа ғимаратта 500 полиция қызметкері жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар, төрт елді мекенде дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр. Онда қала тұрғындарының өтініші бойынша учаскелік полиция пунктері қарастырылған. Мәселен, Көктал елді мекенінде қазірдің өзінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс істеп тұр. 

Сондай-ақ, елорданың түрлі аудандарында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, сол сияқты азаматтарымызға ыңғайлы болу үшін полицияның модульдік бекеттерін ашамыз, олардың санын бірінші кезеңде 10-ға дейін жеткіземіз. Сонымен қатар, 7 учаскелік полиция пункті жаңғыртылды. Бұл шараның бәрі бізге қаланы «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында дамытуға мүмкіндік береді, оның барысында әлеуметтік нысандар (мектептер, қолжетімді тұрғын үй, медициналық орталықтар, полицияның тірек пунктері және т.б.) қадамдық күйде қолжетімді болады”, – деп жазды А.Көлгінов.

Барлық жаңалықтар